Бұрын автокөлік сатып алғанда қозғалтқыш көлемі, қуаты және отын шығыны талқыланатын.
Бүгінде алдыңғы орынға басқа сұрақтар шығып отыр:
«Жаңартулар ала ма?», «Экран өлшемі қандай?», «Автономды жүргізу деңгейі қандай?»
Өйткені қазіргі автокөліктер — жай көлік емес, дөңгелектегі компьютерлер.
OTA жаңартулары: сервиске бармай-ақ жаңаратын автокөліктер
Біз смартфондардың кунде жаңартылуына үйреніп қалдық. Енді дәл осындай процесс автокөліктерде де жүзеге асады.
OTA жаңартуларының арқасында:
Қозғалтқышты басқару жүйесі жақсарады
Отын шығыны оңтайландырылады
Жүргізушіге көмек жүйелері дамиды
Жаңа функциялар қосылады
Яғни автокөлік уақыт өте келе ескірмей, керісінше дамиды.
Бағдарламалық қамтамасыз ету «темірден» маңызды ма?
Бүгінде көптеген брендтер ұқсас қозғалтқыштар мен платформаларды қолданады. Айырмашылықты келесі факторлар жасайды:





