Автокөлікке отырған кезде біз көбіне қозғалтқыш қуатына, отын шығынына немесе мультимедиялық жүйеге назар аударамыз. Бірақ жайлылыққа әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі — тыныштық. Қазіргі автокөліктер қалайша осындай тыныш бола алады?
Тыныштық неге маңызды?
Тыныш жүру — тек жайлылық емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен шаршауды азайтады. Жол мен желдің тұрақты шуы жүргізушіні тез шаршатып, назарын төмендетеді. Сондықтан автожасауыштар шу деңгейіне ерекше көңіл бөледі
Инженерлік деңгейде не жасалады?
Қазіргі автокөліктерде түрлі технологиялар қолданылады:
Акустикалық әйнектер: алдыңғы және бүйір әйнектер бірнеше қабаттан тұрады
Шу оқшаулау материалдары: қозғалтқыш бөлігінде, есіктерде және еденде қолданылады
Дөңгелек құрылымы: шуды азайту үшін арнайы жасалады
Аэродинамикалық сынақтар: кузов жел шуын азайту үшін арнайы жасалады





